Уикикітап
kkwikibooks
https://kk.wikibooks.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D1%82
MediaWiki 1.47.0-wmf.1
first-letter
Таспа
Арнайы
Талқылау
Қатысушы
Қатысушы талқылауы
Уикикітап
Уикикітап талқылауы
Сурет
Сурет талқылауы
МедиаУики
МедиаУики талқылауы
Үлгі
Үлгі талқылауы
Анықтама
Анықтама талқылауы
Санат
Санат талқылауы
TimedText
TimedText talk
Module
Module talk
Event
Event talk
Интернатта оқып жүр
0
3231
9698
9603
2026-05-07T11:12:35Z
~2026-27669-21
3573
9698
wikitext
text/x-wiki
Интернатта оқып жүр,
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы.
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы —
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм бұларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың баласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.<ref>https://kitap.kz/book/424/read#epubcfi(/6/50[id25]!/4/2/2/1:0)</ref>
Дереккөздер: адам, семей қала, дал, қазақ
fpgxymgmn2uooertofwk0xu741k3raw