Наурыз мейрамы
Уикипедиядан
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыз 22) күн мен туннің теңесуі кезіне келеді.
[өңдеу] Тарихы
Наурыз мейрамы басында диқаншылық пен айналысатын иран тілдес Орта Асия халықтарының күн жаз мезгіліне аусқанда егіс өсіру науқаны басталғанын мерекелеу дәстүрінен шыққан. Иран тілдерінде нау — жаңа, руз — күн, яғни «жаңа күн» (күн өсуін белгілеуі), «жаңа жыл».
[өңдеу] Қазақ салты
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.